USD
USD
USD

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары басталды

Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жарыс күні басталды.

Жарыстың алғашқы күні
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, алғашқы жарыс сағат 9.00-де «Қазанат» ипподромы маңындағы этноауылда жамбы ату, яғни ат үстінде садақ ату бойынша спортымен басталды.

«Бүгін спортшылар «мажар» стилі бойынша сынға түседі. Мергендерімізге сәттілік тілейміз!», - делінген министрлік хабарламасында.

Жалпы бұл сайысқа 27 мемлекеттен 78 спортшы қатысады деп хабарланды.

Қазақстан құрамасы сапында Айтбек Сарыбай, Ералхан Айкөз, Батыр Бексауыт, Абзал Тулыбеков өнер көрсетеді.

8 қыркүйек күнгі жарыс кестесі:

ЖАМБЫ АТУ
09:00 – 09:40 - 1 топ
09:50 – 10:30 - 2 топ
10:40 – 11:20 - 3 топ
11:30 – 12:10 - 4 топ
12:20 – 13:00 - 5 топ
13:10 – 13:50 - 6 топ
14:00 – 14:40 - 7 топ
14:50 – 15:30 - 8 топ
15:40 – 16:20 - 9 топ
16:30 – 17:10 - 10 топ
17:20 – 18:00 - 11 топ

19:00 – 20:00 Марапаттау рәсімі

Айта кетсек, ойындардың ашылу салтанаты бүгін, 8 қыркүйекте сағат 16:00-де «Астана Арена» стадионында өтеді.

Барлық спорттық шара мен ашылу салтанаты Qazsport телеарнасында көрсетіледі. Ойындарға 89 елден 2 мыңнан астам спортшы қатысып, 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Ойындар 8-13 қыркүйек аралығында жалғасады.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде учаскелік полицей қарт ананы 30 жыл көрмеген балаларымен қауыштырды

Айболат Бекнияз, Людмила Скрипник

Алматыда дәрігерлер екі жастағы баланың басына кіріп кеткен қайшыны алды

жарақат

Тоқаев ҰҚШҰ Бас хатшысы Таалатбек Масадыковты қабылдады

Тоқаев, Масадыков

Трейдерлер Қытайға экспорттан шет қалғанын айтып, дабыл қақты

.