USD
USD
USD

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары бағдарламасына өзгеріс енгізілді

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының спорттық бағдарламасы қысқартылды. 

Астана
Фото: ғаламтордан

 Алматы, NEGE. Сондай-ақ, ойындардың бағдарламасынан көрнекі спорт түрі жарыстары алынып тасталды. Бұл туралы аталған іс-шараны дайындау және өткізу дирекциясы хабарлайды.

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ұйымдастыру комитетінің төрағасы Роман Склярдың төрағалығымен айтулы шараға дайындықты қайта пысықтау туралы кеңес өтті.

Кеңеске Спорт және туризм министрі Ермек Маржықпаев, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясының басшысы Наиль Нұров, Мәдениет және ақпарат, Қаржы министрлігі мен Астана қаласы әкімдігінің өкілдері қатысты.

Дирекция басшысы Наиль Нұров ойындарға дайындық барысы туралы, сондай-ақ ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бюджетті қысқарту жөніндегі тапсырмасының орындалуы туралы толығырақ айтып берді.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы бірқатар өңірдегі су тасқыны жағдайын ескере отырып Үкіметке, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға имидждік іс-шаралардан бас тартуды және алда өтетін көшпенділер ойындарына жұмсалатын шығынды қысқартуды тапсырған еді.

Президент тапсырмасы бойынша 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі дирекциясы спорттық бағдарламаға өзгерістер және ұсыныстар енгізді.

Атап айтқанда, ойындар бір күнге қысқартылып, 8-13 қыркүйек аралығында өтеді.

«Ссирым» ойыны толығымен алынып тасталды. «Мас-рестлингтен» 4 салмақ дәрежесі алынып тасталып, 8-і ғана қалды. Медальдар ерлер арасында 5 салмақ дәрежесі бойынша, ал әйелдер арасында 3 салмақ дәрежесінде ойнатылады. «Көкпар» 6 күннен 3 күнге қысқартылды. «Алыштан» салмақ дәрежелері екі есе қысқартылды. Сонымен қатар «Құраштан» 3 салмақ дәрежесі алынып тасталды. «Арқан тартыс» тек 2 салмақ дәрежесі бойынша ерлер мен әйелдер арасында өткізіледі.

Одан бөлек, ойындардың спорттық бағдарламасына «Көкбөрі» және «Кореш» қосылды. Қырғыз ойына Көкбөрі олимпиадалық жүйе бойынша 3 күн ішінде өткізіледі. «Кореш» татар белдік күресі тек ерлер арасында 4 салмақ дәрежесінде өтеді.

Сондай-ақ, кеңесте еріктілердің, ұйымдастыру комитетінің, төрешілердің мен қызметкерлердің киім үлгілері таныстырылды.

Еске сала кетейік, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Астанада өтеді.

Қазір оқып жатыр

Алматы, Шымкент, Түркістан және Ұлытау ЭКСЖ ұлттық жобасы бойынша артта қалды

.

Бозымбаев: Коммуналдық желілердің тозуын 2029 жылға дейін төмендетуіміз керек

.

Таразда 19 жастағы қызды алып қашқан Алматы облысының үш тұрғынына үкім шықты

блогер соты

Алматыда полицейлер жүзден астам автобусты айыппұл тұрағына алып кетті

Қоғамдық көлік