USD
USD
USD

Дүниежүзілік банк Қазақстанға қаржыландырудың жаңа құралдарын ұсынады

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Дүниежүзілік банк тобының басқарушы әрі қаржы директоры Аншула Кантпен кездесті.

Үкімет
Фото: Үкімет

Алматы, NEGE. Тараптар Қазақстанның экономикалық даму және инвестициялар тарту жөніндегі стратегиялық жоспарын талқылады, өзара ынтымақтастық туралы пікір алмасты, бұған қоса көлік, энергетика, цифрлық даму саласындағы бірлескен жобалар мен әлеуметтік жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.

Нұрлан Байбазаров Дүниежүзілік банкпен өзара тиімді ынтымақтастықтың оң динамикасын атап өтіп, Қазақстанда неғұрлым инклюзивті әрі орнықты дамуға қол жеткізу үшін жүргізіліп жатқан реформаларды қолдауға бағытталған банктің елімізбен серіктесігі одан әрі жалғасатынына сенім білдірді.

Өз тарапынан Аншула Кант Қазақстанға, сондай-ақ экологиялық күн тәртібіне сәйкес келетін және бүкіл өңірдің тұрақты дамуына бағытталған мемлекетаралық жобаларға қолданылуы мүмкін жаңа қаржы құралдары мен кепілдіктерді ұсынды.

Ол сондай-ақ Дүниежүзілік банктің Қазақстанға қатысуы негізгі стратегиялық басымдықтарды айқындайтын 2026-2030 жылдарға арналған серіктестік стратегиясы аясында кеңейетінін атап өтті.

Қазір оқып жатыр

«Соңғы нәтиже сын көтермейді»: Скотт Манн ұлттық құраманың ойынына қатысты үн қатты

Скотт Манн мен Джон ван ’т Схип/kff.kz

Қарашадағы жиналыс. «Алтыналмас» НЕГЕ дайындалып жатыр?

Almas

Отбасы банк қарызды өтеу үшін несие беруді уақытша тоқтатты

Отбасы банк

Қырғызстанның бұрынғы президентінің ұлы 4 жылға сотталды

Қадырбек Атамбаев