USD
USD
USD

Дүниежүзілік банк Қазақстанға «7-20-25» бағдарламасын кезең-кезеңімен жабуды ұсынды

Дүниежүзілік банк сарапшылары Қазақстанға «7-20-25» ипотекалық бағдарламасын біртіндеп аяқтап, нарықтық несиелендіру жүйесіне көшуге кеңес береді.

Тұрғын үй
Фото: magnific.com

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Halyk Finance талдау орталығының Қазақстанның тұрғын үй нарығына арналған шолуында айтылған. 

Дүниежүзілік банк сарапшылары өз зерттеуінде Қазақстанның ипотекалық несие беру жүйесінде мемлекет пен ірі субсидиялардың басымдығын азайтып, тұрғын үйді қаржыландырудың теңгерімді моделіне көшуді ұсынған.

Реформалар тізімінде «7-20-25» бағдарламасын кезең-кезеңімен аяқтау мәселесі де бар. Зерттеу авторлары бұл ұсынысты бағдарламаның тиімділігі мен оның Ұлттық банк мандатына сәйкестігін бағалаумен байланыстырған.

Дүниежүзілік банктің есебіне сәйкес, 2024 жылы мемлекет тұрғын үй секторын субсидиялауға шамамен 950 млрд теңге жұмсаған. Бұл жалпы ішкі өнімнің 0,7 пайызына тең.

Ұлттық банк те қаржылық тұрақтылық туралы есептерінде мемлекеттік қолдау бағдарламалары сұранысты арттырып, нарықтағы баға белгілеуге әсер ететінін және нарықтық мөлшерлемемен берілетін ипотеканы ығыстыратынын атап өткен.

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) да осыған ұқсас қорытындыға келген. Ұйым сарапшыларының пікірінше, төмен пайызбен берілетін несиелер тұрғындардың қарыз алуға қолжетімділігін арттырғанымен, баспана бағасының өсуіне ықпал етеді.

Соның салдарынан банктердің нарықтық ипотека беру үлесі азайып барады. Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының мәліметінше, 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында банктер ұсынатын нарықтық ипотекалық өнімдердің үлесі 14 пайызға дейін төмендеген. Ал былтыр бұл көрсеткіш 26 пайыз болған.

Қалған нарықтың басым бөлігін жеңілдетілген және квазимемлекеттік бағдарламалар құрайды. Олардың ішінде несие берудің негізгі көлемін «Отбасы банк» қамтамасыз етеді.

Halyk Finance сарапшылары да нарықтық ипотекаға біртіндеп көшуді қолдайды. Алайда мұндай өзгеріспен қатар ұзақ мерзімді қаржыландырудың балама көздерін дамыту және баспанаға мұқтаж табысы төмен азаматтарға атаулы көмекті сақтау қажет екенін атап өткен.

Қазір оқып жатыр

Жақыпов пен Отыншиевтің ұсталуы ҰҚК басшысының кетуіне әсер етті ме?

Ермек Сағымбаев

Қамауда 119 бала отыр: министр олардың оқу мәселесін қалай шешпек?

сотталған

Қазақстанда балаларға кешкі мектептерде оқуға тыйым салынуы мүмкін

мектеп БҚО

Қазақстанда туу туралы куәлікке баланың суреті енгізілуі мүмкін

сәби