USD
USD
USD

Дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындарында қазақстандық самбошылар жеті медаль алды

Сауд Арабиясы астанасы Эр-Риядта өтіп жатқан Дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындарында қазақ самбошылары тағы екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясы.

Дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындарында қазақстандық самбошылар жеті медаль алды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жарыстың аралас командалық сынында Еламан Қойшыбаев пен Асылжан Орынбасарова (65 келі) күміс жүлдегер атанды. Олар Азия мен Тынық мұхиты аймағынан жасақталған екінші құрама сапында күш сынасты. Асылжан Еуропа-1 құрамасындағы ресейлік балуаннан жеңілсе, Еламан Беларусь спортшысынан кеше жекелей сында кеткен есесін қайтарды.

Айта кетсек, Бүкіләлемдік жауынгерлік өнер ойындарында самбодан белдесулер аяқталды. Қазақстан құрамасы 7 палуан алып келген еді.

Олардың арасынан балуандар жекелей сында 1 алтын, 1 күміс пен 3 қолаға, ал миксте 2 күміс жүлдеге ие болды.

Еске салсақ, Дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындарына Қазақстан 9 спорт түрінен 53 атлеттен делегация жасақтап алып келді.

Қазір оқып жатыр

«Бағаны түсіруге мәжбүр болады»: қазір пәтер алған тиімді ме?

.

БҚО-да оқушы баланы 10 мың вольттық ток соғып, қаза болды

Ток соқты

Қазақстан Қырғызстанға мұнай транзитін бастады

мұнай

Qarmet-тің жаңа нысандары нақты келбетке ие бола бастады

Qarmet