USD
USD
USD

Дүниежүзілік сауда ұйымын алғаш рет әйел адам басқарады

Женевадағы Дүниежүзілік сауда ұйымының бас кеңесі ұйымның басшысы қызметіне Нигерия өкілі Нгози Оконджо-Ивеаланың кандидатурасын мақұлдады, деп хабарлады Euronews агенттігі.

Дүниежүзілік сауда ұйымын алғаш рет әйел адам басқарады
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE. Нигерияның бұрынғы қаржы министрі жаңа қызметіне 1 наурыздан бастап кіріседі. Өзінің айтуынша, Оконджо-Ивеала ең алдымен әлемдік сауданың коронавирус пандемиясынан кейін қайта қалпына келуіне ерекше мән береді. Жаңа төраға Дүниежүзілік сауда ұйымының қазіргі уақытта көптеген проблемамен бетпе-бет келіп отырғанын еске салды. Оның сөзіне сенсек, ұйымдасқан нәтижелі жұмыс бұл ұйымды әлдеқайда қуатты, бүгінгі күнге бейімделген белсенді етеді.

«Бұл жол өте ұзақ, ауыр және белгісіздікке толы болды. Бірақ жаңа күн туды, енді нағыз жұмысты бастауға болады. Бүгінде Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше мемлекеттер тарихты өз қолымен жасап отыр - ұйым құрылған 73 жылдан бері алғаш рет әйел адам, Африка өкілі басшылыққа келді. Бұл - нағыз серпіліс. Мен жақсылыққа сенем» деді Нгози Оконджо-Ивеала.

Жаңа төрағаны Еурокомиссия басшысы Урсулуа фон дер Ляйен құттықтады. Ол өз құттықтауында бұл сәттің тарихи маңызын ерекше атап өткен. Фон дер Ляйеннің айтуынша, Еуроодақ Дүниежүзілік сауда ұйымының реформасын жақтайды және ережеге негізделген көпжақты сауда жүйесін қорғауға көмектеседі. Айта кетейік, ұйым басшысының лауазымы өткен жылдың 31 тамызынан бері бос тұрған болатын. Соңғы төраға РобертуАзеведу сол күні басшылық уақыты аяқталмаса да, қызметінен кетті.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

.

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

.

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес