USD
USD
USD

Дүниежүзілік банк Украинаға 1,5 млрд доллар көлемінде қаржы бөледі

Дүниежүзілік Банктің атқарушы кеңесі Украинаға 1,49 миллиард доллар көлемінде қосымша қаражат бөлу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Дүниежүзілік банк Украинаға 1,5 млрд доллар көлемінде қаржы бөледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жаңа транш – бұрын бекітілген 2,5 миллиард доллар көлеміндегі транштың бөлігі. Жалпы, Дүниежүзілік банк Украинаға 4 миллиард доллар көлемінде қаржылай көмек көрсетпек. 

Бұл қаражат мемлекеттік және әлеуметтік қызметкерлердің жалақысын төлеуге жұмсалады.

Бұған дейін Дүниежүзілік банк әлемдегі азық-түлік дағдарысын еңсеру үшін алдағы 1,5 жылда 30 миллиард доллар шығындайтыны хабарланған болатын. Жақын арада оның 12 миллиард доллары бөлінеді. Бұл қаражат ауыл шаруашылығы саласына, азық-түлік бағасының көтерілуінің салдарымен күрес жүргізу жобаларына бағытталады.

Қазір оқып жатыр

Жемқорларға ешқандай аяушылық болмайды – Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев

Шымкентте жанармай тасымалдайтын көлік өртеніп, жүргізуші қаза тапты

Өртке оранған көлік

ҰҚК шекарашылары 510 млн теңгенің өнімін заңсыз өткізбек болғандарды тоқтатты

Тәркіленген тауарлар

Қалың мал берген жігіт мәһір төлей ме? ҚМДБ жауап берді

хабарлама