USD
USD
USD

Дүңгіршектен 2 қорап мандарин ұрлаған күдікті ұсталды

Таразда дүңгіршектен 2 қорап мандарин ұрлаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Дүңгіршектен 2 қорап мандарин ұрлаған күдікті ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Тараз қаласы Полиция басқармасының Жедел басқару орталығына қала тұрғыны қоңырау шалып, мөлтек аудандардың бірінде орналасқан азық-түлік сататын дүңгіршегінен белгісіз адамның 2 қорап мандарин жемісін және кассасынан 20 мың теңге көлеміндегі ақшасын ұрлап кеткендігі туралы хабарлаған.

Полиция қызметкерлері жүргізген іздестіру шаралары барысында 33 жастағы Көлтоған ауылының тұрғыны анықталып, ұсталды. Күдіктінің айтуынша, ол жеміс-жидекті тұтыну үшін ұрлаған және бет-бейнесін тұмшалап алғандықтан, полицияға ұсталамын деп ойламаған.

Ол өз кінәсін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігімен (Ұрлық) тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Қазір оқып жатыр

Шетелдік блогермен видеоға түскен полиция қызметкерлері жұмыстан шығарылды

.

Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатын жеңіп алды

Рыбакина

Астанада әйел 15-қабаттан секіріп, бала отырған арбаның үстіне құлаған

.

Қазақстанда «миллион пәтер тегін беріледі» деген жалған видео тарады

.