USD
USD
USD

Думан Таев жаңа қызметке тағайындалды

Ішкі істер министрінің бұйрығымен Думан Таев Ақмола облыстық Полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды.

Думан Таев жаңа қызметке тағайындалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жаңа басшыны жеке құрамға ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов таныстырды.

Думан Әшкенұлы 1967 жылы 13 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының Сергеев ауданы Көктерек ауылында дүниеге келген.

Ішкі істер органдарындағы қызметін 1988 жылы Солтүстік Қазақстан облыстық атқару комитетінің ІІБ ППҚ жеке ротасының милиционері болып бастады.

1991-2004 жылдар аралығында Петропавл қаласының ІІБ әртүрлі жедел лауазымдарда жұмыс істеді.

2004 жылы Есіл ауданының ішкі істер бөлімін, кейін Петропавл қаласының ІІБ басқарды. Әр жылдары СҚО ІІД қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы, Ғ.Мүсірепов ауданының ІІБ басшысы, Петропавл қаласының ІІБ бастығы, СҚО ІІД бастығының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін ол ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы болды.

Қазір оқып жатыр

Жетісу облысындағы алғашқы жаңа форматтағы кітапхана Сарыөзекте ашылды

.

Шарджада екі қазақ қызы қаза тапты: СІМ ресми мәлімдеме жасады

.

Қазақстанда автонесиеге сұраныс 20%-ға артқан

автонесие

«Украина достық қарым-қатынасты жоғары бағалайды»: Зеленский Тоқаевқа алғысын білдірді

алғыс білдірді