USD
USD
USD

Дулат Исабековтің жары дүниеден өтті

Жазушы, драматург Дулат Исабековтің жарыНұрғайша Жармұқамедова өмірден өтті. Қаралы хабарды мәжіліс депутаты Қазыбек Иса естіртті.

Дулат Исабековтің жары дүниеден өтті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Қазақ әдебиетінің классигі Дулат Исабековтің үйіндегі жеңгеміз Нұрғайша Жармұқамедова қайтыс болды деген хабар қабырғамызды қайыстырып кетті. Ол кісі ауырып жүрген жоқ еді, бүгін таңертең жүрегі ұстап қалды дейді. 

Жақында ғана көкемізге сәлем беруге үйге барғанда жарқылдап жүріп қарсы алып, сексенге келсе де сергектігін көрсетіп, келіндерден бетер жүгіріп, дастарханын жайып шығарып салып еді", – деді Қазыбек Иса.

Дулат Исабеков пен Нұрғайша Жармұқамедованың Естияр есімді ұлы, Айман және Шолпан деген егіз қызы бар. Үш баладан немере, шөбере сүйіп отырған Дулат Исабеков қазір 80 жаста.

Дулат Исабеков пен Нұрғайша Жармұқамедова жоғары оқу орнында танысқан. Дулат Исабеков жарынан бір курс жоғары оқыған. Ерлі-зайыпты Алматыда 1966 жылы отбасын құрған.

Қазір оқып жатыр

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов