USD
USD
USD

Дулат Ағаділдің өлімі бойынша қылмыстық іс тоқтатылды

Нұр-Сұлтанда саяси белсенді Дулат Ағаділдің өлімі бойынша қылмыстық іс тоқтатылды, деп хабарлады елордалық прокуратураның баспасөз қызметі.

Дулат Ағаділдің өлімі бойынша қылмыстық іс тоқтатылды
Фото: NEGE.kz


Алматы, NEGE. «Ағаділ өлімінің себептері мен жағдайларын тәжірибелі сот-медициналық сарапшылар мен жоғары санатты кардиолог маман егжей-тегжейлі тексерді. Олардың қатарында Ағаділдің жақын туыстарының өтініші бойынша тартылған сарапшылар болған. Олар Ағаділдің өлімінің жіті инфаркт миокардасынан болғанын анықтады. Сарапшылар Ағаділдің денесінен дене жарақаттарын анықтамады. Соған байланысты 25 мамырда Ағаділдің өлімі бойынша қылмыстық іс қылмыстық құқықбұзушылықтың болмауы салдарынан тоқтатылды», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
Қадағалаушы органның айтуынша, «тергеу оның өліміне себеп болуы мүмкін барлық жайттар хронологиясын жасады».
«Ағаділ ешқайда шықпау туралы қолхатты бұзып, тергеу органына бармай, іздеу жарияланған күдікті болатын. Осыған байланысты сот оның бұлтартпау шарасын қамауға алуға ауыстырды. Осылайша, Ағаділді ұстау және оны қамауға алуды полиция қызметкерлері сот шешімінің міндетті түрде орындалуы туралы заң талабы аясында жүргізілген», - деп мәлімдеді прокуратура.
 

Қазір оқып жатыр

ҰҚК Астанада жоғары лауазымды полиция қызметкеріне қатысты тергеу жүргізіп жатыр

Әлия Мақаева

«Әділет» өткізген әйелдер форумында отбасы құндылығы мен әйелдер кәсіпкерлігі талқыланды

Әділет партиясы

Қонаев гарнизонында сарбаз төртінші қабаттан құлап, ауруханаға түсті

Санжар Жанат

Тамызда теңге бағамына қандай факторлар әсер етуі мүмкін?

Ақша