USD
USD
USD

Дүкендерде кеңсе қағазы қымбаттады

Елімізде кеңсе қағазы қымбаттады. Ақ парақтың бағасы кей аймақтарда 50 пайызға бір-ақ көтерілген. Жуырда тағы да өседі деген болжамдар айтылуда. Өйткені қағаз тапшылығы сезілуде. Қазақстанға қағаздың басым бөлігі Ресейден келетіндіктен, ондағы компаниялар түрлі санкцияларға байланысты қағаз ағартатын қоспалардан қағылған деп хабарлайды КТК.

Дүкендерде кеңсе қағазы қымбаттады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Осылайша өндірістің құлдырауы бағаның күрт өсуіне алып келген. Қазір еліміздің түкпір-түкпіріндегі қалаларда қағаз сататын сөрелер бос тұр. 
Петропавлда кеңсе қағазы атымен жоқ. "Іздесеңіз де таппайсыз", - дейді тұрғындар. Тіпті кей сауда орындарының иелері қағаздың жоқтығын жазып есігінің сыртына іліп қойған. Бір күннің ішінде бірнеше дүкенге барып шаршаған тұрғындар, тіпті қымбат болса да сатып алатын едік дейді.

"Гоголь көшесіндегі дүкенге бардым. Кеңсе қағазы жоқ деп айтты. Қашан келетіні жайлы да ақпарат бермеді. Базардағы кеңсе тауарларын сататын жерге де бардым. Ол жерде де жоқ . Шынымды айтсам, бұл бүгіндікке келіп тұрған үшінші сауда нүктем. Қағаздың аяқасты жоғалып кеткенін түсінбей отырмын. Сатушылардан қашан алып келесіздер деп сұрасам, оны да айтпайды", - дейді Петропавл қаласының тұрғыны Александр Радченко.

Оралда бәрінен де кеңсе қызметкерлері қиналып отыр. Жұмысының 90 пайызы қағазбен байланысты мекемелелер тығырықтан қалай шығарын білмей дал. Электронды құжат айналымы көмектескенімен, кейбір түбіртек, хаттама, актілерді қағазға шығару керек дейді олар.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Мәдениет және ақпарат министрілігінің жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді

Ақпарат және мәдениет министрін қабылдады

Талғарда қылмыстық істі тоқтату үшін тегін демалмақ болған екі полицей ұсталды

Маңғыстау

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,25%-ға дейін төмендетті

Ұлттық банк

Alatau City Authority және прокуратура органдары инвесторлардың құқығын қорғау жөніндегі меморандумға қол қойды

Alatau City