USD
USD
USD

Дүкендер 20 күнге жабылады деп жүрген кім?

Түркістан облысында азық-түлік дүкендерінің 20 күнге жабылатыны туралы жалған хабарлама тартқан тұрғын ұсталды. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі бейнежазбада ол тіпті жергілікті тұрғындардың азық-түлікке байланысты таласып жатқандығын айтқан. 

Дүкендер 20 күнге жабылады деп жүрген кім?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл жайт Арыс қаласында тіркелген. Полицейлердің жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде жалған ақпараттың авторы мен бейнежазба таратушысының жеке басы анықталған.

Ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты.

«Ер адамның Арыс қаласына қызмет барысында келгені анықталды. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша істің барлық мән-жайы анықталуда», – делінген хабарламада.

Полиция бөлімшесіне жеткізілген соң, ұсталған азамат өз еркімен бейнежазба арқылы Қазақстан азаматтары мен Арыс қаласының тұрғындарынан кешірім сұрады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан су ресурстарын басқаруда жаңа тәсілдерді қалай енгізуде

Су ресурстары

Мусин, Тукиев, Жатқанбаева: Тоқаев Конституциялық сот судьясы етіп кімдерді тағайындады?

Конституциялық сот судьялары

Әскери кемелер жасайтын «Зенит» зауыты сатылымға қойылды

Зенит

Оңтүстік Кореяның экс-бірінші ханымының жазасы қысқарды

Ким Гон Хи