USD
USD
USD

Дүйсенбіге арналған ауа райы: қар, жел, көктайғақ

 Қазгидромет 24 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Дүйсенбіге арналған ауа райы: қар, жел, көктайғақ
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ҚР басым бөлігіне жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек еліміздің оңтүстік-шығысы мен орталығында жауын, қар жауады. Сондай-ақ ол аумақта желдің күшеюі және көктайғақ сақталады. Республика бойынша кей жерлерде тұман күтіледі. Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында және таулы аудандарында тұман күтіледі, солтүстігінде және таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі, облыстың оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді. Атырау облысының солтүстігі мен орталығында, Маңғыстау облысының батысы мен орталығында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында тұман күтіледі, күндіз облыстың оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, Алматы облысының солтүстігі мен таулы аудандарында, Қостанай облысының солтүстігі мен оңтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, Қызылорда облысының орталығында, Жамбыл облысының солтүстігі мен таулы аудандарында, түнде Қарағанды облысының батысы мен оңтүстігінде тұман түседі.

Қазір оқып жатыр

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті