USD
USD
USD

Дүйсенбіге арналған ауа райы

 Қазгидромет 17 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынады.

Дүйсенбіге арналған ауа райы
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстан аумағының басым бөлігінде циклонның өтуімен байланысты ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай күтіледі, дауыл, бұршақ жаууы ықтимал. Тек оңтүстік және батыста ауа райы көбінесе жауын шашынсыз болады. Республиканың батысында шаңды дауыл, республиканың солтүстігінде және орталық аймақтарында тұман күтіледі. Ақмола, Түркістан, күндіз Алматы облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл, Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал. Қарағанды, Қостанай облыстарында тұман болады. Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарының күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Атырау облысында шаңды дауыл, Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Павлодарда облысындың кей жерлерінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде найзағай күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, Павлодар, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, дауыл, бұршақ жаууы ықтимал, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз дауыл, бұршақ жаууы ықтимал, түнде кей жерлерінде тұман болады. Алматы облысында күндіз қатты ыстық болжанады. Атырау, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының шығысында, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қазір оқып жатыр

«Алматы қаласындағы ахуал да тым күрделі»: Тоқаев Мирзиеёвтің бастамасын қолдады

Ақорда

«Хан Шатырдың» сатылатыны туралы жарнама жалған болып шықты

Хан шатыр

Қасым-Жомарт Тоқаевты Бұқара әуежайынан Шавкат Мирзиёев күтіп алды

Ақорда

Құлыбаевтар республикалық бюджетке қайырымдылық ретінде қомақты сома аударған

Халық банк