USD
USD
USD

Дүйсенбіде сауда орталықтары ашылады

Үкімет комиссиясы 17 тамыздан бастап Қазақстанда карантин жеңілдейтіні жайында шешім шығарған болатын.

Дүйсенбіде сауда орталықтары ашылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Дүйсенбіден бастап елдегі сауда орталықтары, жабық базарлар, сұлулық салондары, бассейні жоқ фитнес орталықтар мен моншалар ашылады. Бірақ келушілер саны шектеледі. Яғни, 30%-ке ғана толтыра алады.

Жабық мекемелерде 4 шаршы метрге бір адамнан болуы қажет. Дегенмен, мемлекеттік комиссия жұмыс берушілерге қызметкерлердің 80%-і қашықтан жұмыс істеуді жалғастырғаны жөн деген кеңес берді. Ал, кинотеатр, тойхана және тағы басқа ойын-сауық орталықтары жұмысына шектеу қойылады. Карантин толық аяқталғанша отбасылық мерекелер мен еске алу шараларына да тыйым салынады.

Қазір оқып жатыр

ҚТЖ қарызы мен чемодандағы долларлар: депутат Наталья Годуновамен сұхбат

Годунова

Шекара маңындағы аймақтарға арнайы мәртебе берілуі мүмкін

Құрылтай

Қазақстан мен WADA допингке қарсы күресте күш біріктірмек

WADA Құрылтайшылар кеңесіне қатысушылар

Мысырда жанармай таситын көлік өртеніп, 31 адам қаза тапты

Оқиға орны