Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Дугинаны жарып жібергендер көлігіне алматылық нөмір таққан

Ресейдің федералдық қауіпсіздік қызметі Дарья Дугинаны көлігімен бірге жарып жібергендердің қазақстандық нөмірді пайдаланғанын мәлімдеді. Мұны ТАСС хабарлады.

Дугинаны жарып жібергендер көлігіне алматылық нөмір таққан
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Дугинаға қастандық ұйымдастыру үшін Вовк пен оның қызы Мәскеуден пәтер жалдаған. Пәтер Дугинаның үйіне жақын маңда болған. Журналисті сырттай бақылау үшін күдіктілер Мини Купер көлігін пайдаланған. Ресейге кірер кезде Е982ХН DPR деген ДНР нөмірін тақса, Мәскеуде қазақстандық нөмірмен (172AJD02) жүрген. Ал шекарадан украиналық нөмірмен шығып кеткен», – деп хабарлады ФҚҚ.

ФҚҚ Украина азаматы, 1979 жылы туған Наталья Вовктан күдіктенеді. Ол Ресейге 23 шілдеде қызы екеуі кірген. Дугинаның көлігін жарып жіберген соң Эстонияға өтіп кеткен.

Естеріңізге салайық, журналист Дарья Дугина – ресейлік идеолог Александр Дугиннің қызы. Ресейдің Украинаға басып кіруін қызу қолдағандардың бірі осы А.Дугин болатын.

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы дала өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

дала өрті

Алдағы күндері Алматының бірнеше шағынауданында жарық болмайды

жарық сөнеді

БҚО-да жаңа оқу жылына дейін 8 мектеп пайдалануға беріледі

мектеп БҚО

Бір «Барни» үшін күйеуімен жанжалдасқан: Жамбылда жас ана көз жұмды

Тұрмыстық зорлық-зомбылық