USD
USD
USD

Дугинаны өлтірген күдікті қазақстандық жалған жеке куәлікті қолданған

Ресейде журналист Дарья Дугинаны өлтірді деген күдікке ілінген әйел қазақстандық жалған жеке куәлікті қолданған.

Дугинаны өлтірген күдікті  қазақстандық жалған жеке куәлікті қолданған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Дарья Дугинаны өлтірді деген күдікті Юлия есімімен Қазақстанның жалған жеке куәлігін қолданып, Мәскеуде гаражды жалға алған", – делінген хабарламада.

Басылым мәліметіне сәйкес күдікті Наталья Вовк журналисті өлтірер алдында Дугинаның үйінің маңындағы гаражды жалға алған. Ал иесіне Юлия Зайко есімімен Қазақстанның жеке куәлігін ұсынған. 

Ресейлік журналист және саяси шолушы Дарья Дугинаның көлігі жарылып кеткен еді. Апат Большие Вяземы ауылының маңында болған. 

Журналистің әкесі Александр Дугин – ресейлік идеолог, Ресейдің Украинаға басып кіруін қолдайтындардың бірі. 

Бұған дейін федералды қауіпсіздік қызметі Дарья Дугинаны өлтірген күдіктінің қазақстандық нөмірді пайдаланғанын мәлімдеген. Ақпаратқа сәйкес, Ресей аумағына кірген соң көлігіне Қазақстанның мемлекеттік тіркеу нөмірін таққан. 

Күдікті деп танылған Наталья Вовк 1979 жылы туған, Украина азаматы. 23 шілдеде Ресейге қызымен бірге келген. Ал журналистің өлімінен кейін Эстонияға кетіп қалған. 

Қазір оқып жатыр

Қоқыстан табылған нәресте өлімі: прокурор экс-полицейді өмір бойына соттауды сұрады

Пәкістандағы өрт

Alatau City мен оңтүстіккореялық компаниялар қаланың цифрлық егізінің пилоттық жобасын іске қосады

Alatau

Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Күдікті

«Самұрық-Қазына» басшысы Тоқаевқа 21 трлн теңге жұмсалатын жобалар туралы баяндады

"Самұрық-Қазына" қоры