Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

«Дубайдың орнына Алматыны таңдады»: Қуат Хамитов Сабуровқа қолдау білдірді

«Найман» атымен танылған файтер Қазақстанға оралуға мәжбүр болған Нұрлан Сабуровтың жағдайына пікір білдіріп, әзілкешке қолдау танытты.

Қуат Хамитов
Фото: instagram.com/kuat__khamitov

Астана, NEGE. Қуат Хамитов Нұрлан Сабуровтың мүмкіндігі бола тұра, Дубайды емес, туған жерін таңдағанын атап өтті.

«Нұрлан бауырымыздың ақшасы бар, жағдайы жақсы. Ондай жағдаймен Дубайға да кетіп қалса болады ғой. "Қазақстан – екінші Отаным, туған жерім ғой" деп келіп, Дубайдың орнына Алматыны, туған елін таңдап жатса, сендер тексеріспен болмайтын нәрсеге тисіп жатырсыңдар» – дейді ол желідегі жеке парақшасында жариялаған видео-үндеуінде. 

Ол жігіттерді Сабуровқа қатысты мәселеде адамгершілік танытуға шақырады.

«Жігіттер, адамгершілік деген нәрсе болуы керек қой. "Қазаққа жау керек емес" дейді, дұрыс. Біз бір-бірімізге жаумыз, негізі. Сондықтан "Қайда бара жатырмыз?" деп кішкене ойлану керек», – дейді Хамитов.

Еске салайық, бұған дейін ресейлік БАҚ-та Сабуровқа Ресей Федерациясының аумағына 50 жылға кіруге тыйым салынғаны жайлы ақпарат тарады. Әзілкеш бұл жаңалықты Дубайдан Мәскеуге ұшып келген сәтінде Внуково әуежайында бір-ақ білген. Нәтижесінде ол Қазақстанға оралуға мәжбүр болды.

Кейін Сабуровтың «Вагнер» легионының Истра бөлімшесіне 10 эндуро мотоциклін бергені және «Все для Победы» қорына 2 млн рубль аударғаны туралы ақпарат айтылды. 

Осы ақпаратқа байланысты Ұлттық қауіпсіздік комитеті Nege.kz редакциясына Сабуровтың әрекеттері тексерілетінін хабарлады.

Ал Украинада Сабуровтың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Қазір оқып жатыр

Ақмола облысында генератор ұрлағандар бір ауылды сусыз қалдырған

генератор ұрлығы

Нұрай Серікбайдың қазасы бойынша айыпталушы сотта қысым көргенін мәлімдеді

Күдікті, Нұрай

Павлодар облысында кәріз құдығындағы алты адамның өлімі: үш күдікті ұсталды

Кісен

Тоқаев Колумбия жойқын жер сілкінісіне байланысты ел Президентіне көңіл айтты

жер сілкінісі