USD
USD
USD

Дубайдағы әйгілі қонақүй 1,5 жылға жабылады

Әлемдегі ең танымал қонақүйлердің бірі – аты аңызға айналған Burj Al Arab қонақ қабылдауды уақытша тоқтатады.

Burj Al Arab
Фото: jumeirah.com

Астана, NEGE. Jumeirah Group компаниясы қонақүй 1,5 жылға созылатын ауқымды қалпына келтіру жұмыстарына жабылатынын хабарлады. 

«Жиырма бес жылдан астам үздіксіз пайдаланудан кейін сәулет жауһарының бірегей интерьерін сақтау жұмыстары жүргізіледі, әрі бұл іс өнер туындысын сақтағандай жоғары деңгейдегі ұқыптылықпен атқарылады», – делінген ресми ақпаратта.

Қонақүйді қайта қалпына келтіруге жақында болған өрт себеп болып отыр. Ирандық ұшқышсыз ұшақ қалдықтары қонақүйдің сыртқы қабырғасына түсіп, өрт шыққан еді.

Burj Al Arab – Джумейра жағажайы маңындағы жасанды аралда орналасқан, биіктігі 321 метр болатын бес жұлдызды қонақ үй, Дубай сән-салтанатының символы.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде тағы бір келіншек бұрынғы күйеуінің қолынан ажал құшты: күдікті ұсталды

Полиция көлігі

Қазақстанда Toyota мен Lexus көліктерін несиеге беретін компанияға ескерту жасалды

көлік

Қазақстанда медициналық ұйым басшыларының әрбір бесіншісі тестілеуден өте алмаған

МӘМС

«Мұраң мәңгі жасайды»: Головкин Криштиану Роналдуға үн қатты

Головкин және Роналду