Дубайда өмір бойына сотталған қазақ жігітіне қандай айыптар тағылған?
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев Дубайда өмір бойына сотталған 22 жастағы Қазақстан азаматы Ернұр Алмахан ісінің мән-жайын баяндады.
Астана, NEGE. Оның мәлімдеуінше, биыл 18 наурызда Дубай қаласының бірінші сатыдағы соты Ернұр Алмаханды қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оны өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесіп, айыппұл тағайындаған.
СІМ өкілінің нақтылауынша, Қазақстан азаматына қатысты қылмыстық іс Біріккен Араб Әмірліктерінде 2025 жылы қозғалған.
«Бұл қылмыстық іс адам ұрлау және заңсыз бас бостандығынан айыру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, сондай-ақ адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғу секілді ауыр қылмыстар санатына жатады.
Қазіргі уақытта бұл іс бойынша апелляциялық шағым берілген, осыған байланысты үкім заңды күшіне енген жоқ. Сыртқы істер министрлігі мен елшілік бұл мәселені ерекше бақылауда ұстап отыр», – деп мәлімдеді Ерлан Жетібаев брифингте.
Еске салсақ, бұған дейін Дубай соты 22 жастағы Ернұр Алмаханды өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесу және 2,5 млн дирхам (300 млн теңгеден астам) көлемінде айыппұл салу жөнінде үкім шығарғанын жазған едік. Бірінші сатыдағы соттың ресми шешімі 18 наурызда шыққанымен, отбасы бұл үкім туралы тек 2026 жылдың сәуірінде ғана білген.
Ернұрдың анасы Нұргүл Алмаханова ұлына тағылған айыптармен келіспейтінін және оған жала жабылды деп есептейтінін мәлімдеді.
Қазір оқып жатыр
Көлік әйнегін күңгірттеу бюджетке қосымша табыс әкелуі мүмкін
Тараз тұрғындары балабақша маңынан жүйіткіп өтетін көліктерден қауіптеніп, полициядан көмек сұрады
Пластик есік-терезе орнатқан: Маңғыстауда жартасты мешітті бүлдіргендер іздестіріліп жатыр
Жазда Астанадан Балқаш, Үржар бағытында арзан рейстер ашылады