USD
USD
USD

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Дубай халықаралық қаржы орталығының (DIFC) соты ВТБ берген өтініш бойынша сотты құрметтемегені үшін қазақстандық кәсіпкерлер Тимур Қуанышев пен Евгений Шленскихті, сондай-ақ олардың жұбайлары Альфия Асқар Әбілқайыр мен Мүнира Бәйменованы жауапқа тартты.

DIFS
Фото: mediaoffice.ae

Астана, NEGE. Олар ресейлік «Печоранефтегаз» (ПНГ) компаниясының 7,2 млрд рубль (шамамен 89 млн доллар) несиесіне кепіл болған, деп хабарлайды Atameken Business.

Банк өкілдері бизнесмендер активтерді жасырған болуы мүмкін деген күдікпен сотқа жүгінген. Сондай-ақ бизнесмендер First Abu Dhabi Bank атынан жалған хаттар мен 48 млн доллар аударылғаны туралы жалған SWIFT-хабарлама ұсынды деп мәлімдеген.

Сот жауапкерлерге әлем бойынша құны 10 мың доллардан асатын барлық активін ашып көрсетуді міндеттеген. Алайда олар бұл талапты тиісті деңгейде орындамаған. Осыған байланысты ВТБ оларды сотты құрметтемегені үшін жауапқа тартуды сұраған.

Нәтижесінде бизнесмендер, олардың жұбайлары және Shev Energy компаниясы әрқайсысы 150 мыңнан 250 мың долларға дейін айыппұл төлеуге міндеттелді. Сонымен қатар сот шешімі толық орындалғанға дейін күн сайын 10 мың доллар көлемінде қосымша айыппұл белгіленді. Жалпы айыппұл сомасы 950 мың доллардан асты.

Бұған қоса судья талап арызға қарсылықтың бір бөлігі нейрожелі арқылы жазылған болуы мүмкін деп күмәнданған.

Ал DIFC сотының азаматтарды қамауға алу құзыреті болмағандықтан, материалдар Дубайдың бас прокурорына берілді. Енді ол оларды қамауға алу мәселесін қарастыруы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

ұрлық

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Ақша

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті

Қыздар

Омаровтың анасына тиесілі зауыт аумағындағы өрттің алдын ала себебі анықталды

өрт