USD
USD
USD

«Дубай» шоколадын сатамыз деп астаналықтарды алдағандар ұсталды

Астанада алаяқтар танымал «Дубай» шоколадтарын сатқан, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Елорда полицейлері интернетте қымбат дубайлық шоколадты жарнамалаған алаяқтарды анықтады. Олар Instagram әлеуметтік желісінде шоколадты нарықтық бағадан төмен ұсыну арқылы көп адамды қызықтыруға тырысқан. Осылайша, жергілікті тұрғындардың бірі алаяқтармен хат алмасып, төлем мен жеткізу жолдарын талқылап, шамамен 15 мың теңгеге бір плитка шоколадқа тапсырыс берген. Ақшаны банк картасына аударғаннан кейін, алаяқтар оны бұғаттап тастаған.

Жәбірленуші алданғанын түсінген соң, полицияға жүгінген. Осындай шағыммен 5 жәбірленуші жүгінген. Байқоңыр ауданының криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында танымал дубайлық шоколадты сату желеуімен адамдарды алдап, пайда тапқысы келген жас жігіттерді ұстады.

Тергеу барысында ұсталғандар өз кінәсін мойындады. Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Қазіргі уақытта олардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Қазір оқып жатыр

Шекарада жүргізушілерден ақша бопсалаған: Жамбыл облысында қылмыстық топ мүшелері ұсталды

Күдіктіні ұстау сәті

Михаил Ломтадзе: Kaspi.kz-тің мақсаты – клиенттерге арналған әлемдегі үздік AI-сервистердің бірін жасау

Ломтадзе

Астана тұрғыны бұрынғы әйелінің үстіне жанғыш сұйықтық құйып, өртеп жіберемін деп қорқытқан

Бөтелке ұстаған ер адам

Бензин бағасының төмен болуы инвестор тартуға кедергі келтіреді – Бектенов

Мұнай өңдеу саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес