USD
USD
USD

Дубайға кетіп, құлдыққа түскен қазақ жігіттері елге оралды (видео)

Дубайға барып жұмыс істейміз деп кетіп, құлдыққа түскен қазақ жігіттері елге оралды. 

Дубайға кетіп, құлдыққа түскен қазақ жігіттері елге оралды (видео)
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Журналист Руслан Өтепбай жігіттердің елге оралған сәтінен видео жариялады. 

«Сүйінші ағайын! Исламбек пен Жарас елге аман-есен келді. Аллаға сансыз шүкір. Ата-аналар бақытты, балалар аман», – деп жазды журналист. 

Естеріңізге сала кетейік, Қазбеков Исламбек 2022 жылдың қыркүйек айында Дубай қаласына жұмыс істеуге кеткен. Бірақ жыл соңына қарай Исламбек достарына белгісіз адамдардың айтуымен Тайландқа ауысқанын айтқан. Кейіннен Тайланд, Лаос, Мьянма елдерімен шектесетін «Золотой треугольник» деген жерге алданып келгенін хабарлаған болатын. 

Қазір оқып жатыр

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың дипломатиясы Қазақстанның технологиялық мүмкіндіктерін кеңейтеді – сарапшы

.

Санжар Боқаев 10 жылға сотталды

бокаев

Ақтөбеде қайтарылған активтер есебінен салынған 300 орындық арнайы балабақша ашылды

Ақтөбе

Семейде жаңа туған сәбиін қоқыс жәшігіне тастаған әке өмір бойына сотталды

сотталған