USD
USD
USD

ДДСҰ: Қытай індетті тоқтата алады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдағы коронавирустың жаппай таралуын халықаралық ахуал екендігін мойындады. Төтенше комитет отырысының қорытындысы бойынша ДДСҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус ұйымның Қытай билігінің індетті тоқтата алатындығына бек сенімді екендігін атап өтті. 

ДДСҰ: Қытай індетті тоқтата алады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазіргі таңда ауруға шалдыққан қытайлықтардың саны 9862 жеткен, олардың 1527-інің жағдайы ауыр болса, 213-і көз жұмып, 171 адам ауруханадан шығарылыпты. Аурудың Қытайда және әлемде жаппай таралуы көрсеткіші өте жоғары деп бағаланып отыр. ДДСҰ індетке «2019-nCoV тыныс алу жолдарының ауруы», ал вирусқа уақытша «2019-nCoV» деген атау беруді шешіпті. 

«Комитеттің пайымдауынша, вирустың жаппай тарауына бөгет жасауға болады. Ол үшін мемлекеттер ауруды анықтауды қатаң қадағалауға алып, сырқаттанған адамдарды басқаларынан алшақтатып, оларды емдегенде тиісті шараларды жүзеге асырулары қажет. Бұған қоса жағдайдың ушығуына байланысты атқарылатын міндеттердің саны да артатынын ескерге жөн», – мәлімдеді ДДСҰ-ның төтенже жағдайлар комитеті.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан журналистері Президентке үндеу жасады

журналистика

Таяу Шығыстағы соғыс: Тоқаев келіссөздерді Түркістанда өткізуді ұсынды

.

«Бірінші кредиттік бюро» басшылығына қатысты тергеу аяқталды

.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

.