Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

ДСМ қызметкерлері үстінен қылмыстық іс қозғалды

Денсаулық сақтау министрлігі қызметкерлерінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Мұны Қаржы министрлігі қаржы мониторингі комитетінің

ДСМ қызметкерлері үстінен қылмыстық іс қозғалды
Фото: NEGE.kz

телеграм каналы хабарлады.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Министрлік қызметкерлерін «сотқа дейінгі тергеу ісіне кедергі келтірді» деп айыптаған. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы қызметкерлеріне қатысты қозғалған қылмыстық іс туралы хабарламада былай деген: «Қаржы мониторингі комитеті 23 желтоқсанда Денсаулық сақтау министрлігінің лауазымды қызметкерлеріне және басқаларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 407-бабының 3-бөлігіне сәйкес, тергеуге кедергі келтіру ісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Бұл азаматтар қылмыстық процеске қатысушылар емес, бұлар ДСМ-ның бұрынғы басшыларына қатысты қозғалған қылмыстық іске қатысты жалған ақпарат таратып, деректерді заңсыз жинаған және оны жариялаған.

ҚР Қылмыстық-процесуалдық кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу мәліметтері жарияланбайды».

Е.Біртанов.

Естеріңізге салайық, бұрынғы министр Елжан Біртанов пен оның оранбасары Олжас Әбішевке «ақпараттық  жүйе құруға бөлінген 500 млн теңгені жымқырды» деген айып тағылған болатын.

Соңғы кездері бұрынғы министр Е.Біртановқа қатысты БАҚ беттерінде түрлі қолдау материалдар жарияланып, қорғауға қол да жиналған. Қаржы мониторингі комитеті дәл осы мәселе бойынша қылмыстық іс қозғауы әбден мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Электр қуатының өшуі Қазақстанның оңтүстігіндегі энергожүйе үшін сынақ болды

Алматы

17 жыл бойы жасырынып жүрген «Кинг-Конг» 15 жылға сотталды

.

Мақта теріп, қой алған: Threads-те танымал болған оқушы кәсібін қалай бастады

Мал шаруашылығы

Қазақстанда жарықтың өшуі Қырғызстандағы ГЭС-тен басталды – KEGOC

тариф