USD
USD
USD

ДСМ: Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны басталды

Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны басталғанын мәлімдеді.

ДСМ: Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны басталды
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. «Біз екінші толқын екенін түсініп отырмыз...дегенмен, біз оны бірінші, екінші толқынға бөлмейміз. Іс жүзінде науқастар санының өсуі байқалады. Біз жағдайдың дамуын пессимистік емес, нақты деп айта аламыз, мұнда өсуді байқап, біз екінші толқынның даму сатысында тұрмыз деп айта аламыз. Себебі аурудың таралып, көбеюі толқын тәрізді», –  деді Қиясов.

Сондай-ақ, ол локдаун туралы сұраққа жауап берді. Оның айтуынша, әзірше «қызыл» аймақта екі облыс бар, қалғандары «сары» аймақта.

Айта кетейік, соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 164 477-ге жетті.

Қазір оқып жатыр

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян