USD
USD
USD

ДСМ ауылдарда жедел жәрдемнің сапасын жақсартады

Денсаулық сақтау министрлігі халыққа шұғыл медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсартуды қолға алды.

ДСМ ауылдарда жедел жәрдемнің сапасын жақсартады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ол үшін ведомствоның «Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 19 қаңтардағы бұйрығына өзгерістер енгізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұйрыққа сәйкес жедел жәрдем бригадасының құрамына парамедик – алғашқы көмек көрсету бойынша қосымша функцияны орындай алатын және шақыруларға қызмет көрсету бойынша жедел медициналық жәрдем бригадаларының жұмысына қатыса алатын алғашқы көмек көрсету бойынша кәсіптік даярлық курсынан өткен адам кіреді.

Халықтың саны 100 мың адамнан тұратын моноқалаларда жергілікті атқарушы органдардың қалауына қарай дербес жедел медициналық жәрдем стансалары ұйымдастырылады.

Дәрігерлік бригадалардың саны құрамына мамандандырылған (дәрігерлік), оның ішінде балалар қарқынды терапия бригадалары, бейінді бригадалар (кардиологиялық, педиатриялық) кіретін бригадалардың жалпы санының кемінде 25% құрайды.

Бүгінде елімізде 1500-ге жуық жедел медициналық жәрдем бригадасы жұмыс істейді, оның 18% –  мамандандырылған дәрігерлік бригадалар.

Талдау көрсеткендей, қанайналым жүйесінің аурулары мен балалардағы ауруларға байланысты қиындықтар жиі кездеседі.

Сондай-ақ, жедел жәрдем стансаларына медициналық ақпараттық жүйелерге қолжетімділік беріледі, бұл үйлестіруші ұйым үшін медициналық көмек көрсетуде интеграцияны қамтамасыз етеді.

«Жедел жәрдем стансалары 10 мың және одан аз халыққа шаққанда бір бригаданың есебінен бригадамен жарақтандырылатынын, ал медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарындағы ЖМК бөлімшелері халықтың өтінішін ескере отырып, 35 мың және одан аз халыққа шаққанда бір бригаданың есебінен бригадамен жарақтандырылатынын естеріңізге саламыз» деп хабарлады министрліктен.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар