USD
USD
USD

ДСМ телеарналар мен әлеуметтік желілерде фастфуд жарнамасын шектеуді ұсынды

Денсаулық сақтау министрлігі балаларға бағытталған фастфуд, тәтті сусындар және құрамында қант, тұз бен қаныққан майлар мөлшері жоғары басқа да өнімдердің жарнамасын шектеу бойынша заңнамалық ұсыныстар әзірледі.

жарнама
Фото: magnific.com

Астана, NEGE. Бұл жөнінде ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады. Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері азық-түлік өнімдерінің жарнамасы балалар мен жасөспірімдерге айтарлықтай әсер ететінін атап өтеді. Олар жарқын қаптамаға, әлеуметтік желілер, блогерлер арқылы жарнамалауға және басқа да маркетингтік айлалардың әсеріне тез беріледі. 

Зерттеу бойынша 6-9 жас аралығындағы балалардың 23%-ында артық дене салмағы бар екені, ал 6%-ы семіздікке шалдыққаны анықталған. Сонымен қатар жасөспірімдердің 17,5%-ы энергетикалық сусындарды апта сайын тұтынатыны белгілі болған.

«Министрлік құрамында тұз, қант, қаныққан және трансмайлар мөлшері жоғары тамақ өнімдерінің жарнамасын теле- және радиоарналарда, әлеуметтік желілерде, сыртқы жарнама құралдарында шектеу бойынша заңнамаға өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар әзірледі. Аталған ұсыныстарды іске асыру мақсатында осы шектеулердің реттеушілік әсерін талдауды әзірлеу жұмыстары басталды», – деді Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Гүлнар Сәрсембаева.

Заңнамаға өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстар халықаралық тәжірибе мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдарын ескере отырып әзірленген.

Еске салсақ, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тез ішіп-желінетін тағам зиянды әдет қалыптастыратынын және денсаулық сақтау жүйесіне салмақ түсіретінін айта келе, Үкіметке фастфудтың агрессивті жарнамасына қатысты мәселені мұқият зерделеуді тапсырған болатын.

Қазір оқып жатыр

Ермұрат Бәпи: «Мені сатқын деуге ешкімнің хақысы жоқ»

Decaf

«Таза Қазақстан»: «Әділет» партиясы жастардың азаматтық белсенділігін арттыруда

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі

Астанада автосалон менеджері 53 млн теңгенің сегіз көлігін заңсыз сатып, қаржыны өз қалтасына басқан

Менеджер

Пәкістанда мектептің төбесі опырылып, 32 оқушы мен бір мұғалім қаза тапты

Оқиға орны