USD
USD
USD

ДСМ Oreo печеньесіне қатысты ақпаратты теріске шығарды

Таяуда әлеуметтік желілерде балалар арасында танымал Oreo печеньесінің қауіпті екені туралы ақпарат тарады.

freepik.com
Фото: freepik.com

Астана, NEGE. Желіде тараған ақпаратқа қарағанда, печеньенің кремі – «пластикалық желім», оны жеу адам ағзасындағы артерияларды бітеп тастауы мүмкін. Алайда Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын және ғылыми негізі жоқ екенін хабарлады.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәлімдеуінше, кондитерлік өнімдер, оның ішінде печенье, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағында тек Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келген жағдайда ғана нарыққа шығарылады.

«2025 жылы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында жүргізілген бақылау мақсатындағы сатып алу аясында Oreo печеньесінің үлгілері зерттелді. Зертханалық зерттеулердің нәтижелері бойынша микробиологиялық және токсикологиялық көрсеткіштер бойынша техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін жағдайлар анықталған жоқ. Зерттелген барлық үлгінің таңбалануы белгіленген талаптарға толық сәйкес келді», – делінген хабарламада.

Комитет қырағылық танытуға, күмәнді дереккөздерден алынған жалған ақпаратқа сенбеуге шақырады.

Қазір оқып жатыр

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

TAS

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

Бақыт Түменова

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?

.

Аймағамбетов дәрігерлерді даярлауды 7 жылға дейін ұзартуды ұсынды

медунивер