USD
USD
USD

ДСМ ЭКО мен бедеулікті емдеуді күндізгі стационар қызметтерінің тізіміне енгізді

Енді ерлер мен әйелдердің бедеулігін, соның ішінде экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКО) әдісімен емдеуге ресми түрде рұқсат берілді. Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы бүгін, 24 қарашадан бастап күшіне енеді. 

ЭКО
Фото: freepik.com

Астана, NEGE. Құжатқа сәйкес, мұндай ем қабылдайтын науқастарға енді тәулік бойы ауруханада жатудың қажеті болмайды. Олар медициналық көмекті күндізгі стационарда немесе үй жағдайында ала алады.

Жаңа тәртіп бойынша, медициналық көмек ерлер мен әйелдерге бірдей көрсетіледі. Тізімге ерлер бедеулігі, сондай-ақ әйелдердегі бедеуліктің барлық түрі енгізілген. Олардың қатарында овуляцияның бұзылуы, жатыр, жатыр түтіктері мен жатыр мойны патологиялары және нақтыланбаған диагноздар бар.

Ал қосалқы репродуктивті технологияларды (ҚРТ) қолдану арқылы емдеу ұзақтығын дәрігерлер әр науқастың жеке емдеу бағдарламасы мен клиникалық хаттамаларға сүйене отырып белгілейді. Бұл ретте бұрын қолданылған сегіз жұмыс күнімен шектеу алынып тасталған.

Қазір оқып жатыр

Бектенов: мемлекеттік қызметшілер Aitu-ды пайдалануы керек

Олжас Бектенов

Қазақстан 2027 жылдың соңына дейін 3G желісінен толық бас тартады

Жаслан Мәдиев

Грузияда суррогат ана қызметіне толық тыйым салынуы мүмкін

суррогат ана

Хуангтың Nvidia-ға оралуы компания құнын бір күнде $1 трлн-ға жуық өсірді

Дженсен Хуанг