USD
USD
USD

Дрон иелеріне жаңа талаптар қойылуы мүмкін

Қазақстанда дрон иелеріне жаңа талаптар енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Берік Қамалиев айтты.

Дрон иелеріне жаңа талаптар қойылуы мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Азаматтық авиация саласындағы заңнамаға мынадай өзгерістер ұсынылады: ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану процесін реттеу жөніндегі норманы енгізу: сертификаттау рәсімін енгізу, қашықтан сәйкестендіруге қойылатын талаптарды белгілеу және оларды пайдалану аймақтарын айқындау. Сондай-ақ, «ұшқышсыз авиациялық жүйе» және «ұшқышсыз әуе кемесі» ұғымдары енгізіліп отыр», – деді Камалиев Мәжілісте көлік мәселелері жөніндегі жаңа заң жобасының таныстырылымында.

«Жасыратыны жоқ, бүгінде дронды кез келген сауда орталығынан сатып алуға болады. Бірақ сатып алған жеке тұлғалар заңды түрде реттеледі ме, әсіресе осы заң жобасында?» – деп сұрады депутат Альберт Рау

Қамалиев жеке тұлғалардың дрондарды қолдануын реттеу туралы мәселе ҰҚК, Мемлекеттік күзет қызметі және ІІМ өкілдерімен бірнеше рет талқыланғанын айтты.

«Біздің азаматтар ғана емес, елдегі өңірлер аумағында шетелдік тұлғалар дрон пайдаланып, түсіруге тыйым салынған стратегиялық нысандарды видеоға түсірген жағдайлар болды. Сондықтан жаңа заң жобасында жеке тұлғаларға да талаптар қойылады», – деді Қамалиев.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жүк көліктерінің жүргізушілерін ереуілге шақырған ер адам ұсталды

.

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты