USD
USD
USD

Достық тұрғын алабын электрмен жабдықтау жұмысы аяқталады

Қаратау ауданы аумағында орналасқан Достық тұрғын алабын сапалы электр қуатымен қамту жұмысы «Жолсерік» ЖШС тарапынан биылғы жылдың маусым айында басталған.

Достық тұрғын алабын электрмен жабдықтау жұмысы аяқталады
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Осы жұмыстардың сапалы жүргізілуін бақылау мақсатында қала әкімі М.Әйтеновтің тұрғындарға жайлы және қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру туралы берген тапсырмасы негізінде Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Боранбай Булатбеков құрылыс жұмыстарының барысын пысықтады.

Қазіргі уақытта мұнда 224 электр бағанасы орнатылып, 14 шақырым электр желісі тартылды. Құрылыс жұмыстарының 70 % аяқталды. Жыл соңына дейін құрылыс жұмыстары толығымен аяқталады.

Содан кейін, «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС-мен әр үйге жеке есеп шот ашып, электр қуатына қосу жұмыстары жүргізілетін болады. Нәтижесінде Достық тұрғын алабындағы 234 отбасы сапалы электр қуатымен қамтамасыз етіледі.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек