USD
USD
USD

«Достық» метро бекеті Бауыржан Момышұлы болып өзгеруі мүмкін

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев мәслихатқа Алматы метросының бекеттері атауын өзгерту туралы ұсыныс енгізді. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады . 

«Достық» метро бекеті Бауыржан Момышұлы болып өзгеруі мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сағынтаев Facebook-парақшасында Қала күні қарсаңында мәслихатқа қоғамда талқыланып жатқан мәселелерді шешу туралы ұсыныс енгізгенін жазды.

«Бұл Алматы метрополитенінде салынып жатқан екі бекеттің атауын өзгертуге қатысты», – деп жазды әкім.

«Достық» бекетіне Бауыржан Момышұлының есімін беру ұсынылған. Болашақта «Западный» автовокзалы аталуы мүмкін бекетке «Қарасай» атауы ұсынылмақ.

«Достық» бекеті Абай даңғылы мен Момышұлы көшесінің қиылысында салынып жатыр. Оның іске қосылуы 2021 жылдың аяғына жоспарланған. «Западный» автовокзалы Алматы облысы Қарасай ауданының шекарасында салынады.

Қазір оқып жатыр

Жетісу облысындағы алғашқы жаңа форматтағы кітапхана Сарыөзекте ашылды

.

Шарджада екі қазақ қызы қаза тапты: СІМ ресми мәлімдеме жасады

.

Қазақстанда автонесиеге сұраныс 20%-ға артқан

автонесие

«Украина достық қарым-қатынасты жоғары бағалайды»: Зеленский Тоқаевқа алғысын білдірді

алғыс білдірді