USD
USD
USD

«ДОСТЫҚ ӘУЕНДЕРІ» КОНЦЕРТІ ӨТТІ

16-17 қазан күндері Шымкент қалалық опера және балет театры сахнасында «Достық әуендері» атты концерттік іс-шара өтті. 

«ДОСТЫҚ ӘУЕНДЕРІ» КОНЦЕРТІ ӨТТІ
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE.  Екі күнге жоспарланған іс-шарада ҚР Еңбек сіңірген әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Майра Мұхамедқызы және халықаралық байқаулардың лауреаты, Ресей Федерациясы Мәскеу қаласынан келген Екатерина Головлева өзінің ерекше даусымен көпшілікті тәнті етті.

Сонымен қатар, АҚШ-тың Сан-Франциско қаласынан пианист, әрі дирижер, әлемдегі үлкен сахналарда танымал болған Теміржан Ержанов концертте пианинамен сүйемелдеп, халықтың қошеметіне бөленді. Т.Ержанов – Шуман атындағы Халықаралық конкурстың алтын жүлдегері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, концертмейстер.

Концертте қазақ халқының аяулы қызы, әлемдік Опера сахнасының жарық жұлдызы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Майра Мұхамедқызы да ән салып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Айта кетсек, екі күнге жалғасқан іс-шарада туындылары ешқашан тарих беттерінен өшпейтін, әйгілі әлем композиторлары Сергей Рахманинов және Петр Чайковскийдің шығармалары орындалды.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек