6 Қазан 19:31
...

Достық – Мойынты учаскесінің екінші жолы іске қосылды

Пойыз
Фото: gov.kz

2025 жылғы 30 қыркүйекте Достық – Мойынты учаскесіндегі екінші теміржол жолдарымен пойыз қозғалысы іске қосылды.

Алматы, NEGE. Бүгінгі таңда пойыздар қалыпты режимде жүріп жатыр, 6 қазан күнгі жағдай бойынша 206 жүк пойызы өткізілді, оның ішінде жаңа екінші жолдармен 101 жүк пойызы өтті (әр жолмен тәулігіне орта есеппен 20 пойыздан).

Сонымен қатар, теміржол жолдарын кезең-кезеңімен сынақтан өткізу – бұл технологиялық үдерістің міндетті бөлігі және тасымалданған жүк көлеміне байланысты жүзеге асырылады.

Пойыз қозғалысы ағымдағы жылы келесі учаскелер бойынша кезең-кезеңімен іске қосылды:

Мойынты – Балқаш-1 — 29 қаңтардан бастап,

Бескөл – 19-разъезд — 13 наурыздан бастап,

Ақтоғай – Шығыс – Бескөл — 19 маусымнан бастап,

Балқаш-2 – Саяқ — 4 шілдеден бастап,

Саяқ – Ақтоғай — 30 қыркүйектен бастап.

Екінші жолдарды пайдаланумен қозғалыс басталған сәттен бастап 12,6 млн тонна жүк тасымалданды, бұл 2022 жылғы деңгеймен салыстырғанда жүк айналымын 42%-ға арттыруға мүмкіндік берді (яғни екінші жолдарды салу басталғанға дейінгі көрсеткішпен салыстырғанда).

Қазіргі уақытта жолды тұрақтандыру жұмыстары нормативтік технологияға сәйкес жүргізілуде. Бұл тұрақтандыру 100 мың тонна жүк өткізілгеннен кейін толық аяқталуы тиіс. Осы операциялар аяқталғанға дейін пойыз қозғалысы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін белгіленген жылдамдықпен жүзеге асырылады.

Нысанда жобалық құжаттама талаптары мен бекітілген кестеге сәйкес әрлеу жұмыстары жүргізілуде.