USD
USD
USD

«Доссор-Ақтау порты» жолының 45 шақырымы жаңартылды

Атырау облысында ​«Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сай Өтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау порты» жолын орташа жөндеу жұмыстары аяқталды.

«Доссор-Ақтау порты» жолының 45 шақырымы жаңартылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қазақстанда республикалық маңызы бар жолдарды орташа жөндеуден өткізу жұмыстары жалғасып жатыр. Жол жөндеумен айналысатын компаниялар тасжолдардың учаскелерін белгіленген мерзімнен бұрын пайдалануға беруде. Осылайша Атырау облысындағы «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сай Өтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау порты» жолының 45 шақырымын жаңарту жұмыстары жоспарланған мерзімнен бұрын аяқталды», - делінген ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram парақшасында жарияланған ақпаратта . Ведомство мәліметінше, «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сай Өтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау порты» жолын орташа жөндеу жұмыстары межеленген мерзімнен екі ай бұрын аяқталып отыр. Жөндеуден өткен жол учаскелері бүгінгі таңда қозғалыс үшін ашық. Айта кетсек, елде республикалық маңызы бар жолдардың 1143 шақырымы қалпына келтірілуде. Орташа жөндеу жұмыстарымен 66 нысан қамтылған.

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Абай Түрікпенбаев

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Ардагерлер

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Сот балғасы

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр

Нұрай Серікбай