5 Мамыр 19:54

Досхан Жолжақсынов: Ұлтыма тиіскен «махровый шовинистерді» аямаймын!

Фото:

Жуырда ресейлік шовинист Тигран Кеосаян қазақ ұлтының намысына тиетін мәлімдеме жасады. Қоғам оған қарсы өре түрегелді. Қарапайым халық та, интеллигенция өкілдері де жауап қатты. Солардың бірі – Халық әртісі Досхан Жолжақсынов. 

Nege.kz тілшісі Досхан Қалиұлының шаңырағында қонақ болып, қазіргі қоғамға, билікке деген көзқарасын біліп қайтты.

– Адам баласының, оның ішінде ел басқарғандардың пиғылы өзгерді. Үш мың жыл бұрын ат тұяғының дүбірімен жер бетінің жартысын жаулап алған көшпенділер заманында да осындай болған. Ол кезде талас не үшін еді? Ол кездегі талас жер үшін, мал үшін малдың өрісі үшін еді. Ал бүгінде адам баласының пиғылы өзгергені соншалық, адамдарды ұлтқа бөліп қана қоймай, сол ұлтты жек көруді, құртуды мақсат қылып алды. Осыдан келіп өзін өзгеден жоғары қоятын ұлтшылдықтың ең сорақы түрі пайда болды. 

Кеосаян сияқтылар Украинада болып жатқан жағдаймен бізді қорқытқысы келеді. «Бірінші – Украина, одан кейінгі кезекте сендер», – деп тұр. Бұл – өте қауіпті дүние.

Мұндай нәрсеге жай ғана сақтық аздық етеді, бұлардың көзін шұқып айтып отыру керек. Біздің елшіліктің, біздің Сыртқы істер министрлігінің негізгі жұмысы осы ғой?! – дейді Досхан Жолжақсынов.

Халық әртісінің ескертпесі Сыртқы істер министрінің құлағына жетті ме, әйтеуір бүгін СІМ баспасөз қызметі шовинист Тигран Кеосаянды Қазақстанға келтірмеу үшін нон грата тізіміне қосу процесі басталғанын мәлімдеді. 

Тегтер: