USD
USD
USD

Досановтың тойы Мәскеуде өтеді

Биыл жазушы, драматург, сыншы Сәбит Досанов 80 жасқа толды. Қаламгердің мерейтойына Ресей, Қырғыстан, Өзбекстан және Америка елінен жазушы делегациялар арнайы келіп, туған күнімен құттықтады.

Досановтың тойы Мәскеуде өтеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әріптестері мен достары ақжарма тілектерін білдіріп, үстіне шапан жапты. Оның шығармашылығындағы шоқтығы биік еңбегі «Ақ аруана» кітабы әлемнің 47 тіліне аударылған. Шығарманы алғашқы болып аударып, басып шығарған көршілес Ресей елі. Бұдан бөлек, ақынның туған күні наурыз айында осы Ресейде кең көлемде аталып өтпек.

«Ол кісінің Мәскеуде беделі өте үлкен. Юрий Бондеров, қазір қайтыс болып кетті, Феликс Кузницов, үлкен ғұламалар, кезінде Сергей Михалков ол кісіні қатты сыйлады. Мәскеуге келген сайын үйіне шақырып. Қазір Ресейде мерей тойын тойлауға үлкен жұмыстар жасалып жатыр. Кездесу кеші өтеді, концерттік бағдарламалар береміз», – дейді Мәскеу қаласындағы Тимирязов университетінің президенті Серік ТОЙҒАНБАЕВ.

Қазір оқып жатыр

«Тентек» шахтасы кейінгі он жылда алғаш рет миллион тонна көмір өндірді

.

Qarmet пен Allur 500 жасты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр

Qarmet

Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты – Тоқаев

вице-президент

Жезқазған зиратында қабір басындағы топырақ опырылған: әкімшілік себебін түсіндірді

.