USD
USD
USD

Досаев зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев шаһардың зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Басқасуға мәдениет және өнер қайраткерлері, жазушылар мен ғалымдар, суретшілер мен қолөнершілер қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv .

Досаев зиялы қауым өкілдерімен кездесті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жиналғандар өнер мен мәдениеттің өлкесі Алматының алдағы дамуын жан-жақты талқылады. Ұсыныстарды жіті тыңдаған әкім қаузалған мәселенің бәрін назарға алуға уәде етті. 

«Қордаланып қалған мәселелерді осы жылдың аяғына дейін шешеміз. Ең алдымен қаланы нығайту жұмыстарына мән беріп, экономиканы дұрыстап алуымыз керек. Әйтпеген жағдайда сіздер айтқан  музей-көрмелерді аша алмаймыз. Кіші және орта бизнес болсын, қаланың экономикасы болсын, біршама дамып, аяғынан тұрып алғаны жөн», – деді Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев.

Ал жиналғандар қауымы өз кезегінде шаһар басшысының қызметіне табыс тілеп, Алматының дамуы үшін аянбай еңбек етуге дайын екенін жеткізді.  

«Қаланың әдеби-мәдени мәселелерін ашып көрсетті. Бұл жерде өзінің жеке басының, күйкі тіршілігін сөз қылған адам жоқ. Қаңтар оқиғасынан кейінгі Алматы қаласын қалпына келтіру жай-күйі басты орында тұр», – деді Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет.

Қазір оқып жатыр

Ертісбаев ҚХП тізгінін Шоқановқа тапсырды

.

Шайға адал, кофеге құмар: қазақстандықтардың таңдауы қалай өзгеріп жатыр?

.

Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды

Жүргізуші куәлігі

30 маусымда қос Палатаның бірлескен қорытынды отырысы өтеді

Парламент