USD
USD
USD

Досаев: Соғыс ардагерлеріне 1 млн теңгеден беріледі

Биыл Алматы қаласында 9 мамыр – Жеңіс күні тойланады. Бұл туралы қала басшысы Ерболат Досаев Бостандық ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтты.

Досаев: Соғыс ардагерлеріне 1 млн теңгеден беріледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Отан үшін от кешкен ардагерлеріміз қашан да құрметке лайық. Ұлы жеңіс мерекесі қарсаңында қарт майдангерлерге ерекше көңіл бөлінеді. Әкімдік тарапынан қолдау мен құрмет көрсетіледі. Соғыс ардагерлеріне бір млн теңгеден беріледі. Сондай-ақ осы санатқа теңестірілген азаматтар мен тыл еңбеккерлеріне де материалдық көмек көрсетіледі», – деді Алматы әкімі.

Ерболат Досаевтың айтуынша, Жеңіс күні 28 Панфиловшылар паркінде орналасқан «Мәңгілік алауға» гүл шоғын қою мен қан майданда қаза болған құрбандарды еске алу шарасы өтеді.

Айта кетейік, биыл Нұр-Сұлтан қаласында Жеңіс күніне арналған әскери парад болмайды.

Қазір оқып жатыр

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер