USD
USD
USD

Досаев мұнай бағасының неге төмендегенін түсіндірді

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев әлемдегі мұнай бағасының неге төмендегенін түсіндірді,  деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Досаев мұнай бағасының неге төмендегенін түсіндірді
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE. Оның айтуынша, 6 наурызда ОПЕК+ отырысының қатысушылары мұнай өндіруді қысқарту бойынша мәмілеге келе алмаған.

"Ресей мұнайды өндіру мен төмендету ұсынысын қолдамады. Осыған байланысты Сауд Арабиясы 8 наурызда әлемнің барлық өңірі үшін өз мұнайының бағасын төмендету және мұнай өндіруді тәулігіне ағымдағы 9,7 миллион баррельден 12 миллион барельге дейін ұлғайтуға дайын екені туралы шешімін хабарлады", - деді ол үкімет отырысында.

Осы орайда ол бұл жағдай мұнай әлемдік бағасын айтарлықтай төмендетуге әкеп соққанын атап өтті.

"9 наурызда Бренд маркалы мұнай бағанасы әлемдік нарықта 1 баррелі үшін 31-36,5 долларға саудаланды. Алдыңғы күнмен салыстырғанда төмендету 30 пайыздан асты. Осы жылдың 9 наурызда оффшорлық нарықтардағы рубльдің әлсіреуі мұнай бағасы құлдырауы аясында ең жоғарғы мәнде 1 доллар үшін 75,4 рубльге дейін немесе шамамен 10 пайызға тең болды", - деді Досаев.

Айта кетейік, 9 наурызда мұнай бағасы құлдырағаннан кейін Қазақстанда доллар күрт қымбаттады. 9 наурызда Ұлттық банктің ресми бағамы бір доллар үшін 382.05 теңгеге жетті. Бірақ ақша айырбастау пунктерінде доллар 400 теңгеге сатылды.

 

Қазір оқып жатыр

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy

Каспийдегі сарбаздардың қазасы: әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков қамауға алынды

Қанат Ниязбеков

Армения парламентінде жанжал шығып, депутаттар төбелесті

Армения депутаттары