USD
USD
USD

Досаев инфляцияны 4-6% деңгейіне қалай қайтаратынын айтты

  Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев президенттің инфляцияны 4-6% дәлізге қайтару туралы тапсырмасы қалай орындалатынын түсіндірді.

Досаев инфляцияны 4-6% деңгейіне қалай қайтаратынын айтты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Айтуынша, Ұлттық банк үкіметпен бірлесіп 2022 жылы инфляцияны 4-6% нысаналы дәлізге қайтаруға айрықша көңіл бөледі.

«Инфляцияны 2022 жылы нысаналы дәлізге қайтару бойынша Жолдауда қойылған міндеттерді тиімді шешу үшін 2021-2023 жылдарға арналған инфляцияға қарсы әрекет ету шараларының кешені әзірленіп, келісудің соңғы сатысында тұр», – деді Досаев үкімет отырысында.

Айтуынша, биыл 8 айдың қорытындысы бойынша азық-түлік инфляциясының өсімі 11,4%-ті құраған.

Маусымаралық кезеңде картоп пен сәбіздің бақылаусыз экспортына байланысты олар әдеттегіден күрт қымбаттады. Соның салдарынан ішкі нарықта тапшылық пайда болды.

«Жоғарыда көрсетілген факторлар негізінде азық-түлік бағасының өсуіне қарсы күресте үкімет пен әкімдердің негізгі күш-жігерін тауар өндірісінің, экспорт пен импорт балансын ескере отырып, ішкі нарықты жан-жақты толықтыруға жұмсау керек», – деді ол.

Бұл шаралар инфляцияның азық-түлікке жататын және азық-түлікке жатпайтын бөліктерінің монетарлық емес факторларын айтарлықтай төмендетуді қамтамасыз етуге, орта мерзімді негізде болжамды және теңгерімді тарифтік саясатты қамтамасыз етуге тиіс, деп түйіндеді ұлттық банк төрағасы.

Қазір оқып жатыр

Қырғызстанда фемицид үшін Қылмыстық кодекске жеке бап енгізу ұсынылды

фемицид

Алматыда жас қыздың үстіне қураған ағаш құлады: полиция қылмыстық іс қозғады

Қылмыстық іс

Алматы соты «журналистерді қамап қойды» деген ақпаратты теріске шығарды

журналистерді қамап қойған

Маңғыстаудағы ауылдардың бірінде сексеннен астам үйдің ауласын су басты

су басу