USD
USD
USD

Досаев Алматыда заңсыз жүріп жатқан құрылыс жұмыстарын тоқтатты

Алматы әкімі Ерболат Досаев қаладағы құрылыс жұмыстарын тоқтату туралы шешім қабылдады.

Досаев Алматыда заңсыз жүріп жатқан құрылыс жұмыстарын тоқтатты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы әкімдігі ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 29 қазандағы тапсырмасына сәйкес, қаладағы жер телімдерінде құрылыс жүргізуге тыйым бар екенін хабарлады.

«Қолданыстағы заңнама мен Мемлекет басшысының тапсырмасын бұзып жатқан заңсыз әрекеттер анықталып отыр. Осыған байланысты қала әкімі Ерболат Досаев барлық мән-жай анықталғанға дейін белгілі нысандарда (19 учаске), оның ішінде Самал-3 ықшам ауданы мен Достық, 125 учаскелері орналасқан аумақта жүріп жатқан жұмыстарды тоқтату туралы шешім қабылдады», - делінген хабарламада.

Еске салайық, 31 қаңтардан бастап Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі қызметіне тағайындалды. 

Қазір оқып жатыр

«Қазақ еліне +1 миллиардер»: Алекс Машрабов Қазақстан азаматтығын алды

Мәдиев, Машрабов

«20 млн теңге ұсынды»: Павлодарда қаза болған кәсіпкердің анасы тергеудің әділ жүргізілуін талап етеді

Икрам Нұрмашов

Көктасжал кен орнына кім иелік еткен? Altyndara дауға жауап берді

Кен өндірісі

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым