USD
USD
USD

Досаев: Тау бөктеріндегі құрылысты ретке келтіру керек

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданының тұрғындарымен кездесуде жеке тұрғын үйлердің құрылысын реттеу мәселесіне тоқталды.

құрылыс
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Мегаполис басшысының айтуынша, қала әкімдігі бақылауды күшейту есебінен ретсіз құрылысқа қарсы күресте бірқатар ұсынысқа бастамашы болған.

Біз ұсынысымызды енгіздік. Өйткені бүгінде ЖТҚ жай ғана хабарлау арқылы, тиісті бақылаусыз салынып жатыр. Техникалық шарттар автоматты түрде беріледі. Сонымен қатар желілерге қалай қосылады деген көптеген мәселе бар. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Алматы әкімдігінің құрылыс үрдісін ретке келтіру бастамасын қолдау туралы мемлекет басшысының тапсырмасы бар. Тек Алматыда емес, барлық жерде құрылысты ретке келтіру керек деп ойлаймыз. Жеке үй салу тұрғындарды өз баспанам болады дегенге ынталандыратынын түсінемін, бірақ бәрі заңды әрі қауіпсіз болуы керек, – деді Ерболат Досаев.

Қазір оқып жатыр

Автогазға кезек: министрлік Маңғыстау мен Атыраудағы жағдайды түсіндірді

.

Астанада вокзалдағы асхананың төбесі опырылып түсті

асхана

Алматыда полицей әкесінің өліміне байланысты күдікке ілінген екі жасөспірім үйқамаққа жіберілді

судья

Сербия президенті Александр Вучич отставкаға кететінін мәлімдеді

Александр Вучич