USD
USD
USD

Досаев тағы бір қызметке қол жеткізді

Алматының бұрынғы әкімі Ерболат Досаев «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі директорлар кеңесінің құрамына енді.

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Астана, NEGE. 26 желтоқсан күні жалғыз акционердің шешімімен қайта сайланған ұлттық холдингтің директорлар кеңесі құрамына Ерболат Досаев та кірген. Қазіргі таңда ол Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметін атқарады.

Қордың директорлар кеңесінің төрағасы – премьер-министр Олжас Бектенов. Сондай-ақ кеңестің жаңартылған құрамына премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр, премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, қаржы министрі Мәди Тәкиев, өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағасбаев, холдингтің басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин және қор өкілдері кірген.

Айта кетейік, жуырда Ерболат Досаев «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің мүшесі атанған еді.

Сондай-ақ таяуда экс-әкімнің 2024 жылғы табысы туралы декларация мәліметі жарияланды. Онда Ерболат Досаевтың 14 млн теңгені декларациялағаны көрсетілген. Ал оның жұбайы Гүлнар Досаева 2,3 млрд теңге кіріс алғанын мәлімдеген.

Досаев Алматы қаласын 2022 жылғы қаңтар мен 2025 жылғы мамыр аралығында басқарды.

Қазір оқып жатыр

Берлинде «Ресей пайдасына тыңшылық жасаған» Қазақстан азаматы ұсталды

.

Вадим Борейконың зейнетақы түсетін банк шотын неге бұғаттап тастаған

.

Перуашев Бектеновтің басқару стилін жоғары бағалады

Ақ жол

Базарбек шетелде қалып қойған «Болашақ» түлектерінен қаржыны қайтаруды талап етті

.