USD
USD
USD

Допты хоккейден әлем чемпионаты: Қазақстан төртінші орын алды

Допты хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан төртінші орын алды.

Допты хоккейден әлем чемпионаты: Қазақстан төртінші орын алды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Швецияның Оби қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының топтық кезеңінде төртінші орынға тұрақтаған қазақстандық құрама Норвегиямен қола жүлде үшін таласуға мүмкіндік алды.

Ойын барысында норвегиялық хоккейшілер жинақы қимылай білді. Нәтижесінде, олар қазақстандық әріптестерінен 5:1 есебімен басым түсіп, қола медальға қол созды.

Еске салсақ, ел құрамасы топтық кезеңде Финляндияға 1:8, Норвегияға 1:6, Швецияға 0:12 есебімен жол берсе, АҚШ құрамасын 7:2 есебімен тізе бүктірді.

Енді финалда Швеция мен Финляндия шеберлік байқасады.

Биылғы әлем чемпионатында ел құрамасы сапында қақпашылар – Бержан Ахметжанов пен Вячеслав Горчаков ойын көрсетті. Сондай-ақ, ойын шебінде Рауан Исалиев (капитан), Еламан Әліпқалиев, Ершат Амангелдиев, Нұрбол Бөкешов, Ескендір Нұғманов, Петр Грибанов, Денис Максименко, Болат Мұхит, Дәурен Оралов, Антон Свешников, Никита Яров, Самат Аманшин, Қуаныш Теміралин, Сұлтан Қадыржанов, Евгений Медведев, Максим Утибалиев мұз айдынға шықты.

Қазақстандық хоккейшілер биыл 21-рет әлем чемпионатына қатысты. Айта кетсек, 2003, 2005, 2012, 2013, 2014, 2015 жылдары үшінші орын алды.

Қазір оқып жатыр

«Бағаны түсіруге мәжбүр болады»: қазір пәтер алған тиімді ме?

.

БҚО-да оқушы баланы 10 мың вольттық ток соғып, қаза болды

Ток соқты

Қазақстан Қырғызстанға мұнай транзитін бастады

мұнай

Qarmet-тің жаңа нысандары нақты келбетке ие бола бастады

Qarmet