USD
USD
USD

Допинг дауы: Екі қазақстандық боксшы 3 жылға шеттетілді

Допингпен ұсталған екі қазақстандық боксшыға қандай жаза тағайындалатыны белгілі болды. Олардың есімдері Қазақстанның допингке қарсы ұлттық комитетінің сайтындағы дисквалификацияланғандар тізімінде көрсетілген.

Допинг дауы: Екі қазақстандық боксшы 3 жылға шеттетілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ол тізімде Саматәлі Төлтаев пен Абзал Серік бар. 

Төлтаевтың денесінен тыйым салынған оралтуринабол препараты, ал Серіктен метастерон табылған. 

Екеуі де 3 жылға шеттетілді. Толтаев 2023 жылғы 31 наурыздан – 2026 жылғы 31 наурызға дейін, Серік 2023 жылғы 7 сәуірден – 2026 жылғы 7 сәуірге дейін.

Төлтаев 2022 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері. 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Сәуірде ол ұлттық құрама сапынан қуылып, Ташкентте өткен 2023 жылғы әлем чемпионатына барған жоқ.

Серік 2019 жылғы жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионы, 67 келі салмақтағы жастар арасындағы Азия-2023 чемпионатының финалисті.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде дауылдан ағаштар құлап, бірнеше үйдің шатыры бүлінді

.

Қасым-Жомарт Тоқаев Саида Мирзиёеваны қабылдады

.

Қытайдағы жарыста Назым Қызайбай мен Виктория Графеева топ жарды

.

Ақтөбедегі қайғылы оқиға: АГҚС иесі уақытша ұстау изоляторына қамалды

.