USD
USD
USD

«Дөңгелек ұшып кетердей»: қарағандылықтар жолдағы терең шұңқырларға шағымдануда

Желіде Қарағанды көшелерінің бірінде болған оқиғаның видеосы жарияланды. Қаладағы Гудермесская көшесіндегі үлкен шұңқырға түскен жеңіл көліктің екі дөңгелегі бірдей жарылған.

Шұңқыр
Фото: instagram.com/denski_blog

Астана, NEGE. Желіде жарияланған бейнежазбаны көлік иесінің өзі түсірген. Видеодан жолдағы көлемді шұңқырды және екі дөңгелегі жарылып, жол бойында тұрған көлікті көруге болады.

«Қала жолдарындағы терең шұңқырлардың кесірінен қарағандылықтар дүние-мүлкін бүлдіріп алып жатыр», – делінген видео сипаттамасындағы жазбада.

Желі қолданушылары Қарағанды көшелерінде мұндай шұңқырлар аз емес екенін, жол жөнделген күннің өзінде сапасы сын көтермейтінін жарыса жазып жатыр.

«Биыл шұңқырларды жамау-жасқау қалай жүріп жатқанына біреу назар аударды ма? Фрезерлемей, шұңқырдың формасына қарай асфальтты төге салып, тегістеп кетіп жатыр. Ешқандай битум қолданылмаған. Сапасыз жасағаны былай тұрсын, тек нашар жерлерді ғана жөндейді, үш шұңқырдың біреуін қалдырып кететін жағдайлар бар. Ал люктер мен жаңбыр суы ағатын жүйелердің мәселесі – бөлек әңгіме», – деп пікір білдірген тұрғындардың бірі.

Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мердігер ұйымға Гудермесская көшесіндегі ақауды жедел жою тапсырылғанын хабарлады.

«Бұл жол учаскесіне кепілдік аясында қызмет көрсетіледі. Мердігер ұйымға анықталған кемшіліктерді жедел жою жөнінде ұйғарым берілді».

Ведомство өкілдері жол бойындағы ақаулар 25 мамырға дейін жойылады деп уәде беріп отыр.

Қазір оқып жатыр

Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19%-ы қатысты – ОСК

Құрылтай сайлауы

Албания Орталық сайлау комиссиясының өкілі: Келушілер қарасы мол

Құрылтай сайлауы

Маңғыстауда жаңа сайлау учаскелерінде дауыс беру белгіленген тәртіппен ұйымдастырылып жатыр

Балым

Ер адамдардың бір-бірін құшақтап, сүйіп амандасуы дұрыс емес – Тоқаев

жүріс-тұрыс әдебі