USD
USD
USD

Доңға кен орнындағы көпжылдық дау реттелді: Қазақстанға өтемақы төленеді

Астанада Доңға кен орны бойынша Өнімді бөлу туралы келісім аясындағы көпжылдық дауды реттеу туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлады Энергетика министрлігі. Қазақстан тарапы келісім бойынша қаржылық өтемақы алмақ.

Доңға кен орны
Фото: kmg.kz

Астана, NEGE. Құжатқа энергетика министрі Ерлан Ақкенженов пен «ҚазМұнайГаз» басқарма төрағасының орынбасары Руслан Балықбаев, сондай-ақ PSA ЖШС мен жоба операторы Dunga Operating GmbH өкілдері қол қойды. Келісім қол үшін консорциумның шетелдік серіктестері – Oman Oil Company Limited және PTTEP Corporation компанияларына жолданады.

Даудың негізгі себебі мердігердің жекелеген тарихи шығындарын өтеуге қатысты болған. Қол жеткізілген уағдаластықтар Қазақстанға қаржылық өтемақы төлеуді және Доңға кен орнын әрі қарай игеруге инвестиция тартуды көздейді.

«Даудың реттелуі 2026-2039 жылдарға арналған кен орнын игерудің жаңа жоспарын іске асыруға мүмкіндік береді. Құжатта 67,4 млн баррель мұнай өндіру, капиталдық және операциялық инвестициялар тарту көзделген», – деп хабарлады Энергетика министрлігі.

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің айтуынша, келісім ұзаққа созылатын сот процестеріне жүгінбей, мемлекеттің экономикалық мүддесін қорғауға мүмкіндік береді.

Министрлік бұл келісімді Қазақстанның тұрақты әрі болжамды инвестициялық ахуалды қамтамасыз етуге бейілділігінің көрінісі деп бағалады.

Қазір оқып жатыр

Тәлімгерлікке ден қойып, оқушылармен тікелей жұмыс істеуі үшін ұстаздардың уақыты болуға тиіс – Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Сынды дұрыс қабылдаймыз»: ҚазАвтоЖол жол сапасы туралы не деді?

Нұрқат Ақылтаев, Қазавтожол

Ресейдегі қауіпті инфекция Қазақстанға таралуы мүмкін бе: ДСМ жауап берді

дәрігер

Астанада қоғамдық көлік жолақысы 150 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін

Автобус